1922

Нұр-Сұлтанда өткен «ЭкоАсар – Ізгі істер марафоны» байқауының жеңімпаздарына 100-ден астам алма ағашы сыйға тартылды

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірге «ЭкоАсар – Ізгі істер марафоны» байқауының жеңімпаздарын құттықтау рәсімін өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мерекелік шара елорданың №43 мектебінде оффлайн-форматта ұйымдастырылды.

Байқау жеңімпаздарына 110 түптен астам алма ағашын елімізге танымал бағбан-селекционер Қайрат Кәрімов тегін тараттты. Алма ағаштары солтүстік өңірдің климатына ыңғайланған, сұрыптары жаңа.

«Бүгін елорданың №43 мектеп саябағында Орал қаласынан әкелінген алма ағаштарын отырғыздық. Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 принциптен тұрады. Сонымен қатар 17 арнайы жобасы бар. Соның бірі — «Қоғам энергиясын үнемдеу» жобасы. Бұл жобаның басты мақсаты — қоғамда прагматизм қасиетін дамыту, кеңінен насихаттау және табиғаттағы ресустарға деген прагматизм қағидасын қолдану. Біз осы принциптерді қалыптастырып табиғатқа деген мейірімділікті арттыруға үлесімізді қоссақ дейміз. Алма ағаштарын отырғызып қана қоймай, оларды күтуді үйрету қажет. Сондай-ақ бүгінгі уақытта «ЭкоАсар – игі істер марафоны» акциясы жалғасуда. Қазіргі уақытта 80-нен астам білім беру мекемесінің белсенді қатысуының нәтижесінде 1 млн 118 мың теңге сомасына 25 453 кг маклатура мен пластикті жинап, одан әрі өңдеуге тапсырылады. Қайталама шикізатты өткізуден түскен қаражатқа елордалық мектептер мен балабақшаларды көгалдандыруға, гүл отырғызуға бағытталатын болады», — деді Рухани жаңғыру кеңсесінің басшысы Ақерке Ақтаева.

«ЭкоАсар – Ізгі істер марафоны» қоршаған ортаны қорғауды, тазалықты сақтауды мектеп жасынан үйретуді көздейді. 2020-2021 оқу жылынан басталған «ЭкоАсар» жобасы аясында 9 мектеп жеңімпаз атанды. Қатысушыларға «Оператор РОП» ЖШС атынан ақшалай сертификаттар тапсырылған болатын.
Іс-шара санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109