1979

Елорда тұрғыны 45 күнде Қазақстанның жеті өңірінде велошеру өткізуді жоспарлап отыр

Елорда тұрғыны Алмат Балтабеков 45 күн ішінде Қазақстанның жеті өңірінде велошеру өткізбек. Веломарафон елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының, «Астана Жастары» КММ және Алматы облысының жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Алмат Балтабеков велосипедпен үш мың шақырым жол жүрмек, саяхатын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр. Велошабандоз спортқа деген құмарлығы әкесінен берілген қасиет дейді.

«Бала күнімнен туған елімнің кең-байтақ даласын араласам дейтінмін. Велосипедпен саяхат әр өңірдің көрікті жерлерін асықпай тамашалауға, тылсым сырына қанық болуға мүмкіндік береді. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толатындықтан Нұр-Сұлтаннан Талдықорғанға дейін 3 мың шақырым жол жүруді ұйғардым. Сапар барысында Қорғалжын қорығындағы фламингоны тамашалап, Шұбаркөл, Ұлытау, Сәтпаев, Жезқазған, Түркістан, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Мерке, Алматы қалаларын араламақпын. Сол сияқты Жамбыл облысындағы Айша-Бибі кесенесіне баруды жоспарлап отырмын. Маған қолдау көрсеткендеріңізге ризамын, бәріңізді спортпен шұғылдануға шақырамын», — деді Алмат Балтабеков.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин мұндай іс-шаралар осыған дейін де өткізілгенін атап өтті.

«Жалпы, мұндай бастамалар отандастарымыздың спортқа деген құлшынысын көрсетеді. Мотивациялық акция ретінде жастар үшін спорттық бастамаларды жүзеге асыруға тырысамыз. Бәріңізге сәттілік тілеймін!» — деп атап өтті ол.

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Әлішер Нұржанов та веломарафоншыға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, веложарыс «Тәуелсіздік ұрпақтары» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109