2423

Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай 4 мыңнан астам адам төлем алды

Елордада соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін алдағы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«1941-1945 жылдардағы» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында 9 мамыр күніне (Жеңіс күні) 4061 адам біржолғы ақшалай төлемдерін алды. Нақтырақ айтқанда:

- ҰОС ардагерлері – 1 млн тенге көлемінде (25 адам);
- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (Чернобыль АЭС қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда) 35 АЕК (102 095 теңге) көлемінде (410 адам);
- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Ауған соғысының ардагерлерін қоспағанда) - 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде (705 адам);
- еңбек ардагерлері (тыл еңбеккерлері, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері; «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар) және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңымен (No 322-VІ ЗРК) қолданылатын басқа адамдар, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары – 11 АЕК (32 087 теңге) көлемінде (2921 адам).

Сонымен қатар, мамандандырылған ауруханада білікті медициналық көмек, шипажайлық-курорттық емдеу, коммуналдық төлемдер үшін ақшалай өтемақы, мерзімді басылымдарға жазылуға әлеуметтік көмек, қоғамдық көліктерде жүру жеңілдіктері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тіс протездеу қызметтерді ұсыну түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеуге арналған бірқатар онлайн-іс-шаралар ұйымдастырылды: әскери-патриоттық жоба аясында ардагерлерді Ұлы Жеңіс үшін жасаған қаһармандық ерліктері үшін демеушілік қаражат есебінен тұрмыстық техника түріндегі естелік сыйлықтарды (100 мың теңгеге сертификаттар), азық-түлік себеттерін ұсынумен, қала әкімі, аудан әкімдері, «Nur Otan» фракциясы мәслихат депутаттарының құттықтауы, барлық тыл еңбеккерлеріне құттықтау жеделхаттарын жолдау, Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге орайластырылған әскери-патриоттық әндердің онлайн-байқауы, Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған монументалды кешені, «Отан қорғаушылар» мемориалы Кешеннің, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ескерткіштеріне онлайн эксурсия, «Жеңіс жолдары» мобильді іс-шарасы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жобасы аясында бейнеқұттықтау, «Жеңіс күні» балалар суреттердің қалалық онлайн байқауы, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған мектеп оқушылары, жалпы білім беретін мектеп оқушылары және университеттер онлайн- жарыс, Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына арналған «Жеңіс жолы» онлайн-концерті, елордада орналасқан ескерткіштерге гүл шоқтарын қою.

Өз кезегінде соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері елорда басшылығына аға ұрпаққа деген қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109