2657

Елордада грек-римнен халықаралық турнир өтіп жатыр

Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 7-9 мамыр күндері грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықарлық турнир өтіп жатыр. Бүгін Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-Жек сарайында турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Бақтияр Макен, Біріккен күрес Әлемі бюросының мүшесі, Азия кеңесінің Президенті Дәулет Тұрлыханов және генерал полковник Сәт Тоқпақпаев қатысты.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы спортшыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді.

«Құрметті достар, баршаңызды Олимпиада жеңімпазы, Қазақстанның еңбек ері, Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған Халықаралық турнирдің ашылуымен құттықтаймын. Бұл бүкіл дүниежүзі үшін айтулы оқиға. Жақсылық Әмірәліұлы қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы ғана емес, бүкіл ел ықыласына бөленген ерекше тұлға. Ол саналы ғұмырын еліне қызмет етуге арнап, туған өлкесін өркендетуге өлшеусіз еңбек сіңірді. Жақсылық Үшкемпіровтің өмір жолы өскелең ұрпаққа қашанда өнеге. Халқымыздың біртуар перзентінің есімін ұлықтап, еңбегін бағалау жолында бүгінгідей іс-шараның маңызы зор. Байрақты бәсекеге қатысушыларға сәттілік тілеймін», - делінген құттықтау хатта.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы қазақтың даңқты палуаны Жақсылық Үшкемпіровке арнап елордада ескерткіші ашылатынын айтып өтті.

«Бүгінгі жарысқа, елордамызға келген барша қонаққа қош келдіңіздер дейміз. Жақсылық ағамыз қазір арамызда болмаса да, есімі мәңгі жадымызда. Былтыр барша халықтың қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Жекпе-жек сарайына еліміздің біртуар ұлы Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілген болатын. Биыл аталған спорт кешенінің дәл алдына ағамыздың ескерткішін қою жоспарланып отыр», - деді Бақтияр Мәкен өз сөзінде.

2001-2003 жылы туған жастар арасында өтіп жатқан турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды.
Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 250-ден аса спортшы жиналған. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Елдегі карантин талаптарына сәйкес халықаралық турнир жанкүйерлерсіз өтіп жатыр. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109