3209

Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновке ескерткіш ашылды

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш ашылды. Ескерткіш Сарыарқа даңғылы бойында (Талғат Бигелдинов көшесінің қиылысы) орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты шараға елорда әкімі Алтай Көлгінов, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Талғат Бигелдиновтың туыстары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары, Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері және т.б. қатысты.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өз сөзінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерліктің үлгісі екенін айрықша атап өтті.

«Ұлы Жеңіс қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Талғат Бигелдиновке арнап ескерткіш ашылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерліктің, табандылықтың, өскелең ұрпақ үшін ерлік пен даңқтың үлгісі болып саналады! Батыр ата-бабаларымыздың арқасында қазір бейбіт күнде өмір сүріп жүрміз! Біздің міндетіміз — батырларды жадымыздан шығармай, еске алу», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Талғат Бигелдиновтің балалық шағын тілге тиек ете отырып, жетімдіктің тауқыметін ерте көргеніне қарамастан ел азаматы болып, халықтың мақтанышына айналғанын, «қатардағы ұшқыштан эскадрильяның үздік командиріне дейінгі жолдан өткенін» атап өтті.

Талғат Бигелдиновтің қызы Галина бұл күн ардагердің туыстары үшін де, барша қазақстандықтар үшін де қуанышты күн екенін атап өтті.

Жоба бойынша мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев жұмыс істеді. Ескерткіш қоладан және граниттен жасалды. Онда Талғат Бигелдинов Ұлы Отан соғысы жылдарында жас ұшқыш ретінде, ал кеудесінде медальдары бейнеленген.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109