3008

Елордада жастар мен спортшылар екпе салдыртты

Нұр-Сұлтан қаласында жастар мен спортшылар COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Әрбір Қазақстан азаматы өзіміз үшін ғана емес жақындарымыз үшін де вакцина қабылдауымыз міндет. Өзгелердің де денсаулығына алаңдауымыз керек. Сол себепті жастардың көшбасшысы ретінде вакцинаны қабылдадым», — деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Ал кәсіби жекпе-жек клубының жетекшісі өз сөзінде вакцинаны бәріне кеңес ететінін атап өтті.

«Менің жетекшілігіммен біраз адам спортпен айналысып жүр. Өз елімнің патриоты ретінде вакцинаны алғашқылардың бірі қабылдауым міндет. Вакцинаны жылдам қабылдадым. Қандай да бір ауыру байқалған жоқ. Бәріне вакцинациядан өтуді кеңес етемін», — деді кәсіби жекпе-жек клубының жетекшісі Василий Тахтай.

Айта кетейік, жақында елордада Асхат Маемирова, Асылхан Төлепов бастаған елге белгілі бір топ өнер жұлдызы вакцина қабылдаған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109