2701

Елордада «Үркер» ауданының тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

«Үркер» тұрғын алабында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Әскери оркестр мерекелік шараға қатысқан қонақтар үшін шеру өткізіп, өнер көрсетті, сондай-ақ көше асханасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шарада ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрі өнер көрсетті.

Мерекелік іс-шараны Есіл ауданының әкімдігі мен №5573 әскери бөлімі ұйымдастырды.

«Қарулы Күштер әрқайсымыздың мақтанышымыз ғана емес, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуінің кепілі болып саналады. Қарулы Күштер қатарында еліміздің, өз жерінің нағыз патриоттары қызмет етеді. Олардың мінсіз қызметі – өскелең ұрпақ үшін үлгі. Оларға қарап әр бала әскер қатарына алынып, офицер болуды армандайды. Ол үшін елімізде барлық жағдай жасалған, қарулы күштер соңғы деңгейдегі техника мен барлық қажетті заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген», — деп атап өтті Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов.

Мереке қонақтары үшін әскери қызметкерлер, запастағы офицерлер қатысып, оларға дала асханасы ұйымдастырылды.

«Оркестр ең жоғары деңгейде өнер көрсетті. Біз іс-шараны мұндай ауқымды болады деп күтпеген едік. Осындай шараны ұйымдастырғаны үшін аудан әкіміне, атсалысқан өзге де азаматтарға алғыс білдіремін. Гарнизонда өткізген күндерімізді еске алдық. Себебі ол жақта мереке күндері өте көңілді, ауқымды өтетін. Біз мұндай іс-шараларды сағынып қалыппыз. Солдаттар асханасы – тіптен керемет. Өткен күндерімізді, гарнизонда бір нанды бөліскен күндерімізді еске алдық», - деп өз әсерімен бөлісті аудан тұрғыны Зульфия Досумова.

Айта кету керек, іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды толықтай сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109