2760

Байқоңыр ауданының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Байқоңыр ауданының әкімдігі ҚР Ұлттық ұланымен бірге Жеңістің 76 жылдығына орай ауданда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Ұлттық гвардиямен бірлесіп, Байқоңыр ауданының ардагерлерін құттықтадық. Оркестр соғыс жылдарындағы әндерден попурри орындады. Ал біз ардагерлерге қала әкімінің атынан құттықтау хаттарын, «Технодом» желісінен техника сатып алу үшін 100 мың теңге сомасына сертификаттар табыстадық. Сонымен қатар, аудан әкімдігі әрбір ардагерге салмағы шамамен 30 кг болатын ең қажетті азық-түлік, жеміс-жидектер мен түрлі тәттілер салынған азық-түлік себеттерін сыйлық ретінде дайындады», - деді Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев.

Ауданда 7 ардагер тұрады. Олардың ең жасы – 95 жаста, ал ең үлкені – 101 жаста.

Байқоңыр ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр ардагерді келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

«Өкінішке орай, ардагерлеріміз жыл санап арамыздан кетіп жатыр. Оларға барынша көңіл бөліп, қолдау көрсетуге тырысамыз. Батырларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, бүгінгі бейбіт өміріміз үшін алғыс білдіреміз. Арамызда неғұрлым ұзақ болғанын қалаймыз, ал өз кезегімізде біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз!» - деді аудан әкімі.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109