2537

Ашық аспан астындағы концерт: Нұр-Сұлтанда ҰОС ардагерлерін қалай құттықтап жатыр?

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Нұр-Сұлтанда ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтау қалай жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті достар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата-бабаларымыз Отан қорғап, батылдық пен қайсарлық танытты. Олардың арқасында елімізде бейбітшілік орнады. Ал олардың өмір жолы - баршамызға жарқын үлгі. Біздің парызымыз - ардагерлерімізді естен шығармау.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бұқаралық шаралар өткізу мүмкін болмады. Бірақ бұған қарамастан, біз ардагерлерімізге сый-құрмет таныттық. Ардагерлердің терезелерінің алдында әскери оркестрдің шеруі мен қойылымы ұйымдастырылды. Оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Балалардың ардагерлерге зор құрметпен қарап, концерт тамашалағаны қуантады. Ардагерлердің кеуделері медальдарға толы екенін көрген балалар олардың әскери оқиғаларын тамсана тыңдады.

Мемлекет батырларымызға қолдау шараларын көрсетіп жатыр. Мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ ақшалай көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге және еңбек ардагерлеріне, т. б. қарастырылған.

Жақында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі мәрте Кеңес Одағының екі Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткіші ашылды.

Ұлы Жеңіс мерекесінде баршаңызға зор денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілеймін!» — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109