2706

«Жеңіс жолдарымен»: Нұр-Сұлтанда 9 мамыр құрметіне көшпелі концерт өтіп жатыр

Бүгін елордада Жеңіс күніне орай «Жеңіс жолдарымен – Дорогами Победы» атты жылжымалы концерт өтуде. Әскери жылдардағы музыкалық композицияларды орындайтын сахна мен әртістері бар автокөлік қаланың басты көшелерімен жүріп өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұлы Жеңіс, ардагерлердің қиян-кескі шайқастағы ерлігі жайлы әндерді жанды дауыста Сүндет Байғожин, Сүлеймен Ибрагимов, Ринат Малцагов, Айнұр Әбдиева, Дәурен Оразбеков, MOON-Ai дуэті және басқа да көптеген танымал әртістер орындайды.

Жылжымалы концерт шеруі Қорғаныс министрлігінің мұражайынан басталады. Сондай-ақ, Ботаникалық бақ, EXPO, Президенттік және орталық саябақтарда, Талғат Бигелдинов ескерткішінің жанынан көруге болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ретро-көліктер тосынсый ретінде жүріп өтіп, сол жылдарғы ерекше көңіл-күйді жеткізеді. Олар Қабанбай батыр, Орынбор, Панфилов, Мұңайтпасов, Кенесары, Бейбітшілік көшелерімен, Мәңгілік Ел, Тәуелсіздік, Абылай хан және т.б. даңғылдарымен жүріп өтеді.

Көшпелі концерт Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі алдындағы алаңға кеп тоқтайды. Сондай-ақ, көрермендер музыкалық шеруді онлайн режимінде қалалық мәдениет басқармасының YouTube-арнасынан және ведомствоның Instagram желісіндегі @NS.madeniet аккаунтынан көре алады. Іс-шара сағат 17.00-де аяқталады.

Айта кету керек, іс-шара қалалық әкімдіктің қолдауымен барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуде. Концертке қатысқан барлық әншілер ПТР-тесттен өткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне арналған дәстүрлі салтанатты іс-шаралар келесі жылға ауыстырылғанын айтқан болатын.

Мерекеге орай жаппай іс-шаралар өткізілмейтінін ескере отырып, бүгін ардагерлердің терезелерінің астында санитарлық нормаларды сақтай отырып, әскери оркестрдің шеруі мен қойылымы ұйымдастырылды, онда соғыс жылдарындағы әндер орындалды.

Сондай-ақ, жақында елорданың барлық аудандарында концерттер, ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.

Кеше ғана Нұр-Сұлтанда Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке арнап ескерткіш ашылды.

«Мемлекет батырларымызға қолдау шараларын көрсетіп жатыр. Мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ ақшалай көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оған теңестірілгендер, еңбек ардагерлері секілді өзге де жандарға қарастырылған», - деді қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109