2659

Дәрігерлер инфекциялық стационарда емделіп жатқан ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады

Қалалық инфекциялық орталығының медициналық қызметкерлері Ұлы Жеңіс күнін ауруханада қарсы алуға мәжбүр болған соғыс ардагері Иван Михайловичті құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Соғысқа қатысқан Иван Михайлович инфекциялық орталыққа 27 сәуір күні коронавирустық инфекцияның ауыр жағдайында түсті. 5 мамырда денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты жан сақтау бөліміне көшірілді.

Дәл бүгін отбасының жанында болмаса да медициналық қызметкерлер оны назардан тыс қалдырмай, арнайы құттықтады. Олар ардагерді шын жүректен Жеңіс күнімен құттықтап, бейбітшілік пен бостандық үшін аянбай күрескеніне алғыс білдірді. Өз кезегінде Иван Михайлович аурухана қызметкерлерінің ықыласына риза болып, қуаныштан көзіне жас алды.

Иван Михайлович 1925 жылы 20 қыркүйекте Кемерово облысында дүниеге келген.

1943 жылы 13 қаңтарда ол Совет Армиясы қатарына шақырылды. Соғыс бойы ол 1-ші Беларусь майданындағы шайқастарға қатысты.

Соғыс аяқталғаннан кейін, 1945 жылдан 1971 жылға дейін әскерде қатардағы жауынгерден бастап ракеталық күштер штабының бастығына дейін қызмет етті. Полковник шенімен зейнетке шыққан.

Ол II дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалі секілді тағы басқа 18 мерейтойлық медальмен марапатталған.

«Ардагерімізді құттықтаусыз қалдыра алмадық. Олардың ерлігін есте сақтау – біздің парызымыз. Бір өкініштісі, науқас 9 мамыр мерекесін аурухана қабырғасында атап өтуге мәжбүр. Өз кезегімізде біз мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Әрбір науқастың тезірек емделіп, отбасына оралуын күні-түні тілейміз. Қарамағымыздағы ардагеріміздің де тезірек жазылып шығуын тілейміз. Қартайған шағын бала-шағасының қасында өткізуі керек!» – деді Көпсалалы медицина орталығы басшысының жұқпалы аурулар қызметі жөніндегі орынбасары Татьяна Цечоева.

Қазіргі уақытта науқас инвазивті емес желдету аппаратында жатыр. Иван Михайлович стационарда толық емделіп, сауыққанша ем қабылдайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109