3273

Нұр-Сұлтанда соңғы 10 жылда қызғалдақ гүлі алғаш рет отырғызылды

Нұр-Сұлтанда соңғы 10 жыл ішінде қызғалдақ гүлі алғаш рет отырғызылды. Өткен жылдың күзінде қалада 130 мыңнан астам түйнегі отырғызылған. Мереке қарсаңында гүлдеп, жұртшылықтың көзайымына айналды. Бұл туралы «Астана-Зеленстрой» ЖШС хабарлады.

«Осы жылдың ерекшелігі – қалада қызғалдақ гүлінің жайқалып тұруы. Қызғалдақ түйнегі әдетте күзде отырғызылады. Өткен жылдың күзінде 132 мың түйнек отырғызылған. Міне енді мамыр айында гүлдеп, қаламыздың сәнін арттырып тұр. Қызыл, қызғылт және сары қызғалдақтар елорда тұрғындарының көзайымына айналды. Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтанда қызғалдақ гүлі 10 жылдан бері отырғызылмаған», - деп атап өтті «Астана-Зеленстрой» ЖШС.

«Астана-Зеленстрой» ЖШС хабарлағандай, гүл отырғызу – шыдамдылықты талап ететін жұмыс. Өткен жылдан бері көпжылдық гүлдерге ерекше мән беріліп келеді. Себебі олар салқын ауа райына төзімді болып келеді. Бұл жұмыс барлық ауданда жүргізілді.

Нұр-Сұлтанда жасыл желектер (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызу жұмыстары қала ішінде де, жасыл белдеуде де жүріп жатыр.

Саябақ аумағы, тұрғын үйлер мен аулалар ғана емес, сонымен қатар көрікті жерлер де көгалдандырылған. Мысалы, «Астана Опера» маңында емен бағы, «Астана балет» жанында жасыл бақ, Триатлон паркте мамыргүл бағы болады. Саябақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы суару жүйесі бес есе жақсарды. Суару жүйесі автоматты және механикалық режимде де жүзеге асырылады.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109