1989

Елорданың шет аудандарында орналасқан үйлерді газдандыру үшін әлеуметтік көмек кімдерге беріледі

Елордада Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Теміржолшылар, Промышленный аудандарында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына үйіне газ жүйесін орнату үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғын үйлерді газдандыру бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат (Көктал -1, Көктал-2, Агрогородок, Железнодорожный, Промышленный елді мекені)

Баспанасын газдандыру үшін біржолғы әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (150 900 тенге) жан басына шаққандағы табысы болған және оларда, олардың отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып саналатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасыларға жүргізіледі.
Әлеуметтік көмектің көлемі 90 АЕК-тен (262 530 теңге) аспайтын газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші egov.kz Электрондық порталы арқылы өтінішке қоса төмендегi құжаттарды ұсынады:

1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке бас куәлігі, балалардың туу туралы куәлігі);

2) Жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (хабарласқан уақыттың алдыңғы тоқсанына тағайындалған еңбекақы, ажырасқан отбасыларға алимент туралы мәлімет);

3) мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін, көпбалалы отбасылар үшін – көпбалалы отбасының куәлігі);

4) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама нысан № 6 ХҚКО.

Сонымен қатар, арызданушының газдандыруға нақты шыққан шығындарын растайтын құжаттар (сервистік қызмет көрсетудің шарты, жабдықты сатып алу шарты, чектердің көшірмелері, банктік шот туралы мәлімет).

Толық кеңес алу үшін Достық көшесі, 13-үйде орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, «Сарыарқа» ауданы бойынша: 55-14-87, 8-702-546-86-95, 8 701 621 62 99, «Алматы» ауданы бойынша: 55-01-74, 8 701 734 83 74. телефондарына хабарласуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109