2177

Жаңа үйірмелер: Нұр-Сұлтанда оңалту орталықтарының желісі кеңейтілді

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік сарайының базасында жаңа шығармашылық орталық жұмыс істейді, оған ересектер де, балалар да қатыса алады. Жаңа демалыс орнында гимнастика орталығы, заманауи және спорттық би федерациясы, шахмат академиясы, "Алтын домбыра" шығармашылық орталығы және вокалдық студия бар. Орталық 1 мыңға жуық тұрғынды қамтуға мүмкіндік береді.

Бұл шығармашылық орталықтың басты артықшылығы — ерекше қажеттілігі бар балалар заманауи және спорттық билермен тегін айналыса алады.

«Тәуелсіздік сарайында жүргізілген жаңа жобаның арқасында балалар жақсы жағдайда жаттығатын болды. Біз елордада ерекше қажеттіліктері бар балалар би билей алатын жаңа орталықтың пайда болғанына қуанып отырмыз. Бұл балалардың денсаулығына әсер етіп қана қоймай, олардың әлеуметтенуіне жәрдем етеді. Ең қызықты жобалардың бірі — "арбамен билеу" жобасы. Бұл — балаларға би мен шығармашылық арқылы өздерінің жаңа қырын ашуына мүмкіндік беретін инклюзивті жоба. Балалар қоғамнан алшақтамай, бір музыкамен, керемет бір алаңда билейді. Балаларды 4 жастан бастап қабылдаймыз», — деді заманауи және спорттық би федерациясының президенті Әлия Түсіпбекова.

Қазіргі заманғы және спорттық би федерациясында атап өткендей, жұмыстар ұзақ мерзімді перспективада жүргізілетін болады, өйткені федерация ерекше қажеттіліктері бар балаларды халықаралық чемпионаттарға, арбамен билеу бойынша ҚР Кубогына және т.б. дайындайды.

Сонымен қатар, орталықта көркем гимнастикаға қызығушылық танытқан қыздар үшін барлық жағдай жасалған.

«Бізде спорттық гимнастикамен 400-ден астам спортшы айналысады. Олармен топтасып та, жеке де жұмыс істейміз. Қазір 54 спортшымыз ҚР құрамасына кіреді. Мектебімізге тек іріктеу арқылы кіруге болады. Іріктеуді жыл сайын тамыз айында өткіземіз. Біздің қыздар 6 жастан бастап айналысады. Қазір мұнда тиісті жағдайдың бәрі жасалған, залда 9 кілем алаңы бар, яғни нәтижелер енді тіптен жақсара түседі. Балаларымыз еліміздің намысын қорғап, туымызды халықаралық ареналарда жоғары көтереді», — деп атап өтті №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Меруерт Балғымбаева.

Ересектер "Алтын домбыра" шығармашылық орталығына, шахмат академиясына және би федерациясына бара алады.

Елорда әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оңалту клиникаларының желілерін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Елордада паралимпиадалық жаттығу орталығымен бірге ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған спорт кешені салынады, ал осы жылдың бірінші жартысында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылады.

Өткен жылы Нұр-Сұлтанда бірқатар оңалту орталығы ашылды, инватакси саны екі еседен астам ұлғайды, сондай-ақ мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қосымша түзету кабинеттері және т.б. ашылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109