2701

Нұр-Сұлтанда «Оразаның қайырымдылық сыйлығы» акциясы өтті

Елордада Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі қолдауымен, ұйымдастырған “Қазақстан жастар конгресі” «Оразаның қайырымдылық сыйлығы» атты акция өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада қайырымдылық акциясы әлі де жалғасын табады. Қазақстан Республикасындағы Араб Әмірліктерінің Елшілігінің қолдауымен, Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасы, елорда әкімдігі және Қазақстан жастар конгресі бірлесіп бүгінгі шараны ұйымдастырып жатыр. Басты мақсатымыз – мұқтаж және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату», — деді Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы.

Акция барысында мұқтаж жандарға азық-түлік және ыстық ас таратылды. 1300 қораптың 200-і елорда тұрғындарына, қалғаны еліміздің 9 ауданы мен Риддер қаласындағы өрттен жапа шеккендерге табыс етіледі.

«Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі қасиетті Рамазан айында тарту-таралғысын үлестіріп отыр. Біріккен Араб Әмірліктері қай кезде де көмек қолын созуға дайын. Сіздерді Рамазан айы мен келе жатқан Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!», – деді аталған Елшіліктің саяси, экономикалық және медиа мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Мира Альазизи.

Өз сөзінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов әрбір мұсылман үшін Рамазан айының орны ерекше екенін мәлім етті.

«Әрбір мұсылман үшін 12 айдың сұлтаны – Рамазан маңызды оқиғалардың бірі. Қайырымдылық акциясына атсалысқан жандарға алғысымды білдіремін. Екі елдің арасындағы достық нығая берсін», — деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109