2197

Нұр-Сұлтанда тағы бір СОО-да вакцинация пункті ашылды

Елордада тағы бір ірі СОО – «Сарыарқада» коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталды.

«Сауда орталықтарында вакцинация пункттерін ұйымдастыру жұрт арасында екпеге деген сұранысты көрсетеді. Қазіргі уақытта қаладағы 9 сауда кешенінде 15 мыңға жуық адам вакцина алды. Қала тұрғындары үйіне, жұмысына жақын жерде егу пункттерін ашу туралы жиі жүгінеді. Осылайша, біз халыққа ыңғайлы болу үшін қаланың барлық ірі сауда нүктелерін қамтып отырмыз», - деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қала бойынша дозаның бірінші компонентін 132 мыңнан астам адам алды.

«Сарыарқадағы» егу орны екінші қабаттағы эскалатордың оң жағында орналасқан. Жұмыс кестесі қалған СОО-ға ұқсас – сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша медицина ұйымдарында егу пункттерінің саны үш есеге артты.

Сонымен қатар, бүгінде елордада «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталықтарында, «Биг Шанхай» сауда кешенінде, орталық базарда, «Әлем» және «Астаналық» сауда орталықтарында вакцинация пункттері ашылды.

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты қысқарып, 08:00-22:00 аралығына белгіленсе, СОО-лар үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады – сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Сондай-ақ, халықтың жоғары белсенділігін ескере отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көшпелі бригадалар ұйымдастырып, еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялап жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109