2155

Алтай Көлгінов елорданың газдандырылу барысын тексерді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қаланы газдандыру бойынша жұмыстың қалай жүріп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Елорданың жеке секторын газдандыру жұмыстарын жалғастырамыз. Тағы бір елді мекенде (Көктал-1) газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Онда қазір іске қосу-жөндеу жұмыстары (сығымдау, үрлеу) жүргізілуде. Қала елді мекендерінде барлығы 345 км астам орамішілік газ тарату желілері салынды.

Тұрғын үйлерді аралауды жалғастырамыз. Күйгенжар, Интернациональный, Мичурино елді мекендеріндегі газдандыру барысымен таныстым. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ осы елді мекен тұрғындарының үйлерін жаңа жылыту маусымында газға қосуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар осы жылыту маусымында (2021-2022 жж.) Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Көктал-1, Агроқалашық (2020 ж.газға қосылмаған бөлігі) елді мекендерінің тұрғындары да газға қосылу мүмкіндігіне ие болады. Қазір газ тарату желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өткен жылыту маусымында (2020-2021 жж.) газ тарату желілері Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашықтың бір бөлігінде жүргізілді. Газдандыру басталған сәттен бастап аз қамтамасыз етілген отбасыларға үйлерді газға көшіру бойынша әлеуметтік көмек көрсету тетігі енгізілді.

Елді мекендерді аралау кезінде тұрғындармен аудандардың одан әрі дамуын талқылаймыз. Бұл инженерлік-жол инфрақұрылымы, әлеуметтік тұрғын үй, мектептер, медициналық нысандар, жолдар салу және т. б. мәселелер. Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру және т. б. мәселелер. Тұрғындардан көтерген мәселелерді жоспарға аламыз.

Елорданы газдандыру мен елді мекендерді дамыту – Мемлекет басшысының бақылауында», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109