2029

Елорда әуежайы Ashyq мобильді қосымшасымен жұмыс істей бастады

Елорда әуежайында 12 мамырдан бастап бекітілген алгоритмге сәйкес Ashyq пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл ретте әуежай ғимаратына кіру үшін жолаушы QR-кодты сканерлеп, өз статусын әуежай қызметкеріне кіреберісте көрсетуі тиіс, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасай отырып.

Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі мен таралуының себебі өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамау, қоғамдық орындарға, науқастарға және байланыста болған адамдарға бару салдарынан болып отыр.

Авиакомпаниялар мен халықаралық әуежайлар басшыларынан қауіпсіз қызмет көрсету шаралары талап етіледі.

Осыған байланысты елорда әуежайында бүгіннен бастап, яғни 12 мамырда Ashyq жобасы іске қосылды.

Жолаушыларға статус «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерімен салыстыру негізінде беріледі.

Статус келесідей:

«Жасыл» – жүріп-тұруында шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен пайдаланушы болып саналады.

«Көк» — ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ, ПТР-тест талап етілетін жерлерден басқа кез келген орында еркін қозғалу дегенді білдіреді.

«Сары» – байланыста болған адамдарға берілетін статус. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенмен, басқа қоғамдық орындарға баруына тыйым салынады.

«Қызыл» статус — ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелері үйде оқшаулану режимін қатаң сақтауы тиіс.

Жолаушыда смартфон болмаған жағдайда әуежай қызметкері ақпараттық жүйеде ЖСН (оның келісімімен) арқылы оның статусын тексереді.

«Ashyq» жобасының мақсаты – қызыл және сары статусы бар жолаушыларды әуежайға және ұшаққа кіруіне шектеу қойылу арқылы өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жолаушыда смартфон болмаған жағдайда әуежай қызметкері ақпараттық жүйеде ЖСН (оның келісімімен) арқылы оның статусын тексереді.

Шетел азаматтарының статусы паспорт нөмірін енгізу арқылы тексеріледі.

«Қызыл» аймақта орналасқан әуежайларға шығарып салушы мен күтіп алушылардың кіруіне салынған тыйым Ashyq жобасына қатысушыларға қолданылмайды.

Бүгінгі таңда бұл шектеу Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайынан алынып тасталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109