1757

Елордалық жасөспірімдер хоккейден жеті дүркін ел чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан қаласында 6-10 мамыр күндері 2004 жылы туған балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы чемпионатының үшінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Барыс» спорт кешенінде өткен жарысқа Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Өскемен қалаларынан алты команда қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласының «Астана-1» командасы қарсылас шақ келтірмей ел чемпионатының жеңімпазы атанды. Екінші орын да елордалықтар еншісінде. «Барыс 2005» командасы чемпионаттың күміс жүлдесін жеңіп алса, үшінші орынды Өскемен қаласының «Торпедо» командасы иеленді.

Команда бапкері Асқар Майжолов балалардың бұл ел чемпионатындағы жетінші жеңісі екенін атап өтті:

«Бұл ойын ел чемпионатының шешуші кезеңі болатын. Біздің команда топ жарып, жетінші рет чемпион атанып отыр. Бұл рекордтық көрсеткіш десек те болады. Жалпы команданың ойынына көңілім толады. Балалар өздерін көрсете білді, дегенмен бұдан да жоғары деңгейдегі ойын көргім келеді. Алдағы жоспар маусымды қорытындылап, жастар құрамасы арасындағы ел чемпионатында жоғары нәтиже көрсету», - деді Асқар Қайратұлы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109