2456

«Алғашқы пациентім әлі есімде»: елордалық медбикелер кәсіби мереке күні өз жұмыстары туралы айтты

Халықаралық медбикелер мен мейіргерлер күні 12 мамырда атап өтіледі. Елорданың денсаулық сақтау жүйесінде 9 мыңға жуық медбике мен мейіргер жұмыс істейді. Олардың арасында бұл лауазымда 35 жыл жұмыс істейтіндері де бар.

Шынар Әубәкірова 35 жыл бойы медбике болып жұмыс істейді. Қазір №3 көпбейінді қалалық ауруханасының қызметкері. Еңбек жолын Целиноград қаласындағы (Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) Туберкулезге қарсы диспансерде бекеттік медбике болып бастап, онда 22 жыл жұмыс істеген.

Өз сөзінде ең алғашқы пациенті әлі күнге дейін есінде бар екенін айтты.

«Ол кезде 18 жаста едім, инъекция жасаудан қатты қорқатынмын. Қатты қорқып, уайымдап кеткенім сондай көзім жыпылықтап кетті. Қорқып тұрғаным сырттай білініп тұрды. Пациент те байқаған болса керек «ешнәрсе бірден бола қалмайды, алаңдамаңыз, бәрі жақсы болады», деп қолдау көрсетті. Сол күні дәрігер ретінде мен оны емес, ол мені жұбатты» - деп медбике күлімсіреп есіне алады.

№ 1 қалалық емхананың екінші медбикесі Нұрсұлу Достаева – 26 жылдық тәжірибесі бар медбике. Еңбек жолын 90-шы жылдары Целиноград медициналық училищесін бітіргеннен кейін бастаған.

Нұрсұлу Достаева медицина саласын өзінің кәсібі деп санайды және басқа салада өзін елестете алмайды.

«Мектеп жасынан бастап осы салада жұмыс істеймін деп ойлайтынмын. Карьерамның басында егу медбикесі, жұқпалы аурулар кабинетінің медбикесі болып жұмыс істедім. Медбике болу – жұртқа пайдалы нәрсе жасау, оларға көмектесу. Өз кәсібімді мақтан тұтамын!» - деп атап өтті ол.

Бас мейірбикенің айтуынша, бұл жұмыста физикалық және моральды тұрғыда дайын болу қажет.

«Медицина қызметкері болу өз ісін жақсы көріп, өз таңдауына құрметпен қарау дегенді білдіреді. Білімді, жауапкершілікті, шыдамды, сезімтал және саналы маман болу керек. Ең маңызды қасиет –медициналық көмекке жүгінген пациенттердің жанын түсіну және жанашырлық таныту», - деп атап өтті Н.Достаева.

Н.Достаева – мейірбике ісі бойынша жоғары санатқа ие маман. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, ал 2017 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Бала күнінен медицина саласында жұмыс істеуді армандаған тағы бір мейірбике пациенттерге 21 жылдан бері көмек көрсетіп келеді. Гүлім Нұрсейітова өз қызметін 2000 жылдардың басында бастаған.

Медбикенің айтуынша, оның міндеті – жаңадан келген қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.

«Алғашқы жұмысыма кіріскен кезде қатты қорқып, уайымдағаным есімде. Себебі жұмысымыз шыдамдылықты, сақтықты және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жаңадан келген қызметкердің тәлімгері болса жұмысын ілгері алып кетуіне көмектеседі. Өз басым мұны жақсы білемін. Қазіргі басты міндетім – жаңадан келгендерді оқытып, жұмысымыздың маңыздылығын көрсету, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру», - дейді Гүлім Нұрсейітова.

Әріптестері мен басшылығы оның өз жұмысын үлкен ынтамен істейтінін атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109