2029

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин COVID-19-ға қарсы екпе алды

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин елордадағы «Keruen» СОО-да коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Спортшы вакцинациядан бұрын міндетті медициналық процедуралардың бәрінен өтті.

«Вакцинацияланғандардың қатарын спортшылар мен мәдениет қайраткерлері толықтырып отырғаны бізді қуантады. Әркім өз денсаулығына сақ болуы керек!» - деп атап өтті егу пунктінің қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда сәуір айының ортасынан бастап жаппай вакцинациялау басталды. Халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша медициналық ұйымдарда егу пункттерінің саны үш есеге ұлғайды.

Сонымен қатар, бүгінде елордада «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Сарыарка», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк» сауда орталықтарында, «Биг Шанхай» сауда кешенінде, Орталық базарда, «Әлем» және «Астаналық» сауда орталықтарында вакцинация пункттері ашылды.

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты қысқарып, 08:00-22:00 аралығына белгіленсе, СОО-лар үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады – сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Сондай-ақ, халықтың жоғары белсенділігін ескере отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көшпелі бригадалар ұйымдастырып, еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялап жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109