1957

Ораза айт намазында санитарлық талаптарды қатаң сақтау талап етіледі

Ертең Ораза айт мерекесі – қасиетті Рамазан айының аяқталатын күні. Бұл жұртшылық үшін үлкен маңызға ие. Биыл Ораза айт намазы 13 мамыр күні таңғы сағат 7:00-де Нұр-Сұлтан қаласы мешіттерінің аумағында карантин шараларын сақтай отырып, ашық аспан астында өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шектеу сипатындағы барлық шараларды ескеруді және сақтауды, атап айтқанда, бетперде тағуды, намаздан кейін қол алыспауды, намаз аяқталғаннан кейін бірден мешіттің аумағын босатуды, ұжымдық намазға кәмелетке толмағандарды әкелмеуді, ЖРВИ белгілерімен намазға барудан бас тартуды ұсынады. Қауіпті вирустық ауру пандемиясы бәрінің денсаулығына қауіп төндіруде.

Елордада COVID-19 індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Қала екі айдан бері қызыл аймақта орналасқан. Күніне 250-ден 450-ге дейін жағдай тіркелуде. Елорда тұрғындары мен қонақтары мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз.

Пандемия кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды. Ораза айт мерекесінің мән-мағынасы – халықтың бірлігін бекемдеп, ынтымағын арттыру. Сондықтан тиісті ұсыныстарды толығымен орындауға және пандемиямен күресте жауапкершілік пен бірлікті көрсетуге шақырамыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109