2345

Елорданың жасыл белдеуінде қандай рекреациялық аймақтар ашылады

Таза ауада демалу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуінде ұзындығы 25 шақырымнан асатын веложол салынды, мұнда аялдамаларға 11 күрке-орын да қарастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Веложол 2011-2016 жылдары елорданың жасыл белдеуінің оңтүстік-батыс бөлігі орамдарының аумағында салынды. Ол Қорғалжын тас жолынан басталып, елорданың жасыл белдеуінің «оңтүстік-батыс бөлігі» және «Талдыкөл жинақтаушы» учаскелерінің аумағы арқылы өтіп, Қарқаралы тас жолының жанында аяқталады.

Нысанның рекреациялық мүмкіндіктерін кеңейту үшін елорда әкімдігі оны дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Мәселен, екі жалға беру пунктінің, екі км жаяу жүргіншілер жолының, ұзындығы алты км кросс кантриінің, Қарқаралы тас жолы жағынан қосымша шағын веложол шеңберінің, түрлі спорт алаңдарының құрылысы және балалар ойын алаңдарын жайластыру жүргізілуде.

Сонымен қатар, қалалық ипподромның жанында жасыл белдеу мен саябақтың сафари аумағында атпен жүру үшін ұзындығы 11 500 метр жолды жабдықтау жоспарлануда.

Мұндай көлемді жұмыс қолжетімді демалыс орындарын ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі. Сонымен қатар, құрылатын рекреациялық объектілер жасыл белдеу ландшафтын безендіріп, туризм мен демалысты ұйымдастыру үшін санитарлық-гигиеналық жағдайларды жақсартады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109