2659

Иммунизация жыл сайын миллиондаған адамның өмірін құтқарады – эпидемиолог

Бүгінде елімізде басқа аумақтардан келгендерді 12 инфекцияға қарсы тегін вакцинациялау жүргізілуде. Бұл дифтерия, сіреспе, көкжөтел секілді түрлі аурулардан сақтайды. Нұр-Сұлтан қаласының ССКД инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Мейірманова иммундаудың маңыздылығы мен оның пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында жұқпалы ауруларды жою және азайту халықты, ең алдымен балаларды жоспарлы вакцинациялау нәтижесінде орын алды, дейді маман.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен, ДДСҰ стандарттарына сәйкес келетін халықаралық сертификаттары бар, практикада сыналған вакциналарды қолданады.

«Вакцинациядан кейінгі кезеңде асқынулар байқалмайды, кейде жекелеген вакцинацияларда пайда болатын жеңіл реакциялар аталмыш аурудың өзінен әлдеқайда жеңіл өтеді. Нұр-Сұлтан қаласында қызамық, сіреспе, полиомиелит, туляремия, құтыру аурулары тіркелмеген, ал дифтерия 15 жылдан астам уақыт бойы анықталған жоқ. Қызылша, көкжөтел және эпидемиялық паротит егілмеген жасөспірімдер мен ересектерде жекелеген жағдайлар түрінде тіркеледі», — дейді ол.

Алайда, халықтың қарқынды көші-қон процестерінің қазіргі жағдайында эндемиялық елдерден (Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан) жабайы полиомиелит вирусын, қызылша вирусын, пандемиялық тұмауды және басқа да жұқпалы аурулар қоздырғыштарын кез келген елге, оның ішінде Қазақстан Республикасына әкелу қаупі бар. Осыған байланысты эпидемиолог иммундау жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалатынын және бұл жетістікті нығайтып, қолдау керек екенін еске салды.

«Соңғы 2-3 жылда иммунопрофилактиканың өзекті мәселелерінің бірі балаларда профилактикалық егуден бас тарту болып саналады: жеке сенімдері, вакциналарға деген сенімсіздік. Қазіргі уақытта өздері егілген көптеген жас аналар балаларына екпе салдырудан оңай бас тартады. «Егер бұл инфекциялар болмаса вакцинациялаудың қажеті қанша?» дегенге сілтеме жасайды. Яғни, біз жекелеген инфекцияларды жою ісінде өз жетістіктеріміздің құрбаны болдық. Интернеттегі, баспасөздегі жарнамалар және қоғамдық пікір вакцинация туралы теріс пікір қалыптастыруда рөл атқарады», — дейді ол.

Ол сондай-ақ ата-аналарға балаларын вакцинациясыз қалдырмау, олардың денсаулығына қауіп төндірмеу туралы өтінішін білдірді. Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда иммундаудың өзге баламасы жоқ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109