1722

Карантиннің бұзылуы: Елордалық кафелердің бірінде 70-тен астам адам жиналды

Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандар арасында карантиндік режимді бұзушыларды анықтауды жалғастыруда. Қазір бірқатар мекемелер Аshyq жобасы бойынша жұмыс істейді, бұл оларға түрлі артықшылықтар береді. Алайда, олардың арасында да шектеу шараларының сақталмауына жол бергендер бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеше, яғни 12 мамыр күні қалада карантинді бұзғаны үшін төрт мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сарыарқа ауданында Аshyq қосымшасы бойынша жұмыс істейтін "Шашлыкофф" кафесі санитарлық нормаларды сақтамаған, тексеру кезінде мекемеде 75 адам болғаны анықталды.

Есіл ауданында екі факті тіркелді. Нақтырақ айтқанда, "Crocus Bar" және "BarBQ" барлары жұмыс істеген, ал бақылау тобының мүшелері мекемелерге кіре алмады.

Алматы ауданында орналасқан "Шашлычная 077" мекемесі белгіленген жұмыс режимін бұзды.

Жиналған материалдар тиісті шаралар қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан екі айдан бері эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109