2231

Елордалық спортшылар, әртістер, жастар «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін қолдады

Қаланы көгалдандыруға және ауаның ластану деңгейін төмендетуге өз үлесін қосу үшін елорда тұрғындары «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін бастады. Бастаманы Нұр-Сұлтанның белсенді жастары, танымал спортшылар мен әртістер қолдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Өз ағашыңды отырғыз» — қала тұрғындарын ағаш отырғызуға қызықтыру үшін бастау алған челлендж. Бұл өзекті мәселе, өйткені ауаның ластану деңгейі күннен-күнге артып келеді.

Осыған орай, бүгін Нұр-Сұлтан қаласының ескі ТЖ вокзалының аумағында түрлі ағаш көшеттерін отырғызу жұмысы ұйымдастырылды.

Ағаштарды отырғызуға Айтым Жақыпов, Перизат Қайрат, Рүстем Жүгінісов,  Василий Тахтай, Асхат Налшыбек сияқты белсенді жастар, волонтерлар қатысып, жалпы алғанда 20-дан аса адам қаламызды көгалдандыруға өз үлесін қосты.

«Мен, Айтым Жақыпов — Қазақстандағы Street Workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірімін. Спортшы ретінде қаламызда жүгіру спортына қолайлы болу үшін ағаш отырғызу өте маңызды деп санаймын. Сондай-ақ, осы челленджге жастар, спортшылар мүмкіндігінше көп қатысқанын қалаймын. Мен «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін қолдап, оны Қазақстанның барлық спортшыларына табыстаймын», — деді эстафетаға қатысушылардың бірі.

Танымал әнші Рүстем Жүгінісов көгалдандыру бастамасын қолдады.

«Біріншіден, біз мұны болашақ ұрпақ үшін жасаймыз. Игі бастамамызды келешекте балаларымызбен серуендеп жүргенде еске аламыз. Сондықтан мен, Рүстем Жүгінісов, шығармашылық жолындағы әріптестеріме «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін жолдаймын», — деді әнші.

Бүгін челленджге кәсіби жекпе-жек клубының жетекшісі Василий Тахтай да қосылды:

«Әр адам өзінен кейін мұра боларлық із қалдыруы керек. Неліктен ағаш отырғызбасқа!? Бұл есте қаларлық жайт. Ұрпақтар алмасады, ағаш өсіп, өзгелеріне таза ауа сыйлайды. Мен, Василий Тахтай, бұл челленджді қолдап, әріптестеріме жолдаймын».

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек елорданың барлық жастарын және белсенді қала тұрғындарын «Өз ағашыңды отырғыз» челленджіне қосылуға шақырды.

Іс-шара барысында қатысушылардың бәрі санитарлық нормаларды сақтап, бетперделермен және қолғаптармен қамтамасыз етілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109