2468

Нұр-Сұлтанда екі қабатты коттедж үй аула клубына айналды

Нұр-Сұлтанда қала тұрғындарының бос уақытын өткізуі үшін екі қабатты коттедж үйі аула клубына ретінде өзгертілді. Демалыс орталығы Үркер тұрғын алабында (Есіл ауданы, С.Жырау көшесі, 1) орналасқан. Бұл — аудандағы алғашқы аула клубы.

Жаңа клубтың артықшылығы — бұл жерде балалардың да, ересектердің де бос уақытын өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа аула клубында балалар мен ересектердің спортпен, йогамен айналысуы, сол сияқты дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойнап, домбыра шертуі үшін мүмкіндік қарастырылған. Қыздар үшін аспаздық курстар бар. Аула клубының ішінде кітапхана да бар.

«Үлкен кісілер жастарға ылғи да үлгі болады. Мұнда олар өскелең ұрпаққа өмірдегі тәжірибесімен бөлісіп, олармен бірге дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойнайды. Үркер елді мекенінде көпбалалы отбасылар аз емес. Бұл аумақта шамамен 20 мың адам тұрады. Сол себепті мұнда үлкен аула клубын құру қажет болды. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша бұл ауданда бос уақыт өткізу орталығын аштық», — деп атап өтті Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Балалар мен ересектер елордадағы аула клубтарының бәріне тегін қатыса алады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін елордада бірқатар аула клубын ашу жоспарланып отыр.

«Бұрын үйірмелерге бару үшін қалаға автобуспен қатынап, жолымыздың өзіне бір сағатымыз кететін. Енді ауданымыздың да өз аула клубы бар. Мен оған қатысып қана қоймай, екі курс ұсынғым келеді. Біріншісі — балаларға арналған актерлік шеберлік дәрісі, екіншісі — гидропоника үйірмесі. Онда біз суда өсетін өсімдіктерді ғана өсіреміз. Сол сияқты идеяларды жүзеге асыратын эко-сыныбымыз бар», — деп атап өтті Игорь есімді аудан тұрғыны.

Нұр-Сұлтанда аула клубтарының саны едәуір артты. Қазіргі уақытта 28 аула клубы жұмыс істейді, ал онда шамамен үш мың бала оқиды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бос уақыт орталықтарын құруға, қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар), қала тұрғындарының спортпен шұғылдануына, таза ауада бос уақытын өткізетін аула аумақтарын абаттандыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл жұмыс барлық ауданда, соның ішінде тұрғын алаптарында жүргізіліп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109