1892

Жыл басынан бері карантинді бұзғаны үшін елорданың кәсіпкерлік нысандарына 118 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды

Бүгінде құрамына аудандық әкімдіктер мен полиция басқармаларының өкілдері кіретін елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандары арасында шектеу және карантин шараларын бұзушыларды анықтауда. Жыл басынан бері 561 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 13 мамырына дейін аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 118 728 975 теңгеге 561 жеке, заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар, шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан тиісті талаптарды орындамаған 47 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 52 материал жіберілді.

Сот барлығы 36 нысанның қызметін тоқтатты және 6 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салды.

Кеше, яғни 13 мамыр күні елорданың мониторингтік топтары қаланың кәсіпкерлік нысандарының карантиндік және шектеу шаралары бұзылуының төрт фактісін анықтады.

Сарыарқа ауданында "Дастархан" кафесі мен "Турандот" мейрамханасы санитарлық нормаларды сақтамаған. Орын саны бойынша шектеулерге қарамастан, мекемелердің бірінде бір уақытта 75 адам, екіншісінде – 67 адам болды.

Байқоңыр ауданында карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке "Гастро бар" кафесі тартылды.

Алматы ауданында шектеу шараларын сақтамаудың 1 фактісі тіркелді: "Sultani MIX" кафесі белгіленген жұмыс режимін бұзды.

Жиналған материалдың бәрі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан екі айдан бері эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысагдаоы өздерін және жақындарын қорғау үшін санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109