2116

Елорданың белсенді әкелер марапатталды

Елордада Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Әке – шаңырақтың тірегі» атты марапаттау рәсімі өтті, онда қаланың ең белсенді әкелері атап өтілді. Іс-шара халықаралық Отбасы күніне орайластырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық әкелер кеңесі 2019 жылдың қыркүйек айында Білім басқармасының қолдауымен құрылған болатын. Жобаның мақсаты – әкенің қоғамдағы рөлін арттыру мен білім беру ұйымдарының белсенді әкелерін әлеуметтік маңызды іс-шараларға тарту.

Марапаттау рәсімі екі бөлімнен тұрады. «Белсенді әкелер» номинациясында «Елорда әкелер кеңесінің» мүшелері Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. «Тәуелсіздік құрдастары» номинациясы бойынша «Ел тағдыры – ер тағдыры» video-stories жобасының қатысушылары М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының дипломдарымен марапатталды.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижесі ретінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Елордалық әкелер кеңесінің мүшелері мадақтау грамотасымен аталып өтті. Марапаттау рәсімінің бағдарламасында әкелер кеңесінің мүшелері, «Рахмет саған, туған ел» әкелер мен ер балалар арасындағы қалалық патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары «Astana English School» №81 гимназиясының вокалдық тобы, №59 мектеп-лицейінің оқушысы Хамзин Адиль және М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының «Эдельвейс» би студиясы мен тәрбиеленушілерден құралған Панковтар отбасы өнер көрсетті.

Іс-шарасанитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109