1845

Жарты миллион турист NurSultan Pass смарт-картасын сатып алды

Мамыр айында Nur-Sultan Pass туристік картасының жарты миллионыншы сатылымы www.citypass.kz порталында тіркелді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

COVID-19 пандемиясы жағдайында шетелдік туристер саны қысқарды, алайда ел өңірлерінен келген қонақтар санының өсуі байқалады.

Пандемия жаңа шешімдерді табуға серпін берді. Осы жылдың сәуір айында «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының қолдауымен «Crocos» компаниясы «Nur-Sultan Pass» туристеріне арналған смарт-картаның онлайн сатылымын Aviata.kz-те іске қосты.

Енді билеттерді онлайн сатып алу сервисінде «Aviata.kz» арқылы әуе немесе теміржол билеттерін ғана емес Nur-Sultan Pass онлайн смарт-картасын да сатып алуға болады.

CityPASS жобасын дамыту аясында шектеу шараларын ұстана отырып, Astana Invest қолдауымен "Crocos" компаниясы "Бәйтерек" монументінде орналасқан туристік ақпараттық орталықта автономды робот-кеңесші «Promobot» орнатты.

«Promobot» елорданың үздік орындары туралы ақпараттарға қанық, балалар үшін де, ересектер үшін де қызықты экскурсия өткізе алады. Сол сияқты CityPASS картасын сатады. Бұл инновациялық, қауіпсіз және интерактивті шешім пандемия кезінде туризмді дамыту мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, жақсы жаққа дамытып, кейінгі кезеңге бейімделуге көмектеседі.

Nur-Sultan Pass – бұл туристердің Бейбітшілік және Келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, ҚР Ұлттық мұражайы, триумфалды арка, "Бәйтерек" монументі, океанариум, "Джунгли" паркі және "Ailand" СОО-дағы шолу дөңгелегі, Нұр-Әлем (EXPO 2017), "Атамекен" кешені, "Алжир" мұражай кешені, HOP-ON-HOP-OFF және теплоход (жаз мезгілінде) экскурсиясы. Осылайша елорданың көрікті жерлерін аралап қана қоймай картаның қолданылу мерзімі ішінде қала автобустарында тегін жүру мүмкіндігі қарастырылады.

Қазіргі уақытта картаның бағасы 5990 теңгеден басталады (құны картаның әрекет ету мерзіміне байланысты өзгереді). Бұл ретте смарт-карта иесінің ақшалай қаражатын шамамен 70%-ға үнемдейді.

Nur-Sultan Pass картасын www.citypass.kz және Aviata.kz сайттарынан сатып алуға болады. Сондай-ақ, болашақта «Crocos» компаниясы өзінің брендтелген өнімін шығаруды және карталарын «Air Astana» әуе компаниясының сайтында сатуды жоспарлап отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109