2303

Елордада 130-ға жуық көпбалалы ананы жыл соңына дейін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып отыр

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі «Business Woman KZ» ҚБ бірлесіп «Business lady және көпбалалы аналар келіссөздер үстелінде» тақырыбында дөңгелек үстел жиынын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Business Woman KZ ҚБ басқарма төрағасы Сәуле Қайсардың айтуынша, жыл соңына дейін елордада 100-ден аса көпбалалы ананы оқыту жоспарланған.
«Әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын және дамытатын ең ірі ұйымбыз. Бес жыл бойы Қазақстан бойынша әйелдерге арналған түрлі іс-шараларды: бизнес-нысандар, шеберлік сыныптарын өткізіп келеміз. Қазір көпбалалы аналарды қолдау мақсатында іс-шара өткізуді шештік. Өз тәжірибемізбен бөлісіп, кәсіпкерлерімізден ынтымақтастық, жұмыс орындарын ұсынғымыз келеді. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылықты дамыту, коуч-жаттықтырушылармен бизнес жүргізу негіздері бойынша мастер-класстар өткізуді жоспарлап отырмыз», – деп түсіндірді ол.

Іс-шарада кәсіпкер әйелдер бизнес-жобаларды жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, бизнесті жүргізудегі қиындықтар мен жетістіктері туралы әңгімеледі. Көпбалалы аналар шешендік өнер, бизнес-жоспарлау және менеджмент курстарын өткізуді сұрады.

«Мен тоғыз баланы тәрбиелеп отырмын, олардың бірі – ерекше қажеттілігі бар бала. Осындай іс-шара өтіп жатқанына қуанып отырмын. Біз 2019 жылы әкімдікке жұмысқа орналасу туралы өтініш білдірдік. Қала әкімдігі мен Алтай Сейдірұлының бастамасы нәтижесінде «Алтын шаңырақ ұясы» ҚҚ-да жұмысқа орналастым, қазір жұмыс істеп жатқаныма бір жыл болды. Болашақта өз ісімді ашқым келеді. Бұл тұрғыда сіздердің қолдауларыңызға үміт артып отырмыз. Сондай-ақ шешендік өнер мен менеджментті оқып үйренсем жақсы болар еді», – дейді көпбалалы ана Алида Отарбаева.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109