5371

Елордада электр самокаттарды жалға беру платформасы іске қосылды

«Astana Invest» ҚИДО» ЖШС мен «Jet Kazakhstan» компаниясы елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған электр самокаттарды жалға беру платформасын іске қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Самокаттарды жалға алу қағидасы – кез-келген қала тұрғыны самокатты станциядан алып, қажет мекенжайына жеткен соң жақын орналасқан станциялардың біріне қалдыра алады.

Электр самокатты пайдалану үшін Jet мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша тіркелген соң төлем жасау үшін банк картасын қосымшаға жалғауы керек. Самокатты таңдап, QR-кодты сканерлеп, қолайлы тарифті таңдаған соң барар жеріне шыға алады.

Қазіргі уақытта қаланың сол және оң жағалауында самокатты алуға немесе қалдыруға болатын 60-тан астам орын бар. Электр самокаттардың орналасқан орны, заряд дәрежесі туралы деректер JET қосымшасында болады. Сондай-ақ, таңдалған самокатты толығымен тегін брондау мүмкіндігі де бар.

Самокатты жалға алу құны:

Дс-Жс 00:00-ден 11:59-ға дейін – 30 тг. (1 мин.)
Дс-Жс 12:00-ден 23:59-ға дейін – 35 тг. (1 мин.)
Жс-Жс 00:00-ден 23:59-ға дейін – 35 тг. (1 мин.)

Қазіргі уақытта қалада 100 самокат іске қосылды және алдағы уақытта олардың санын 1000 электросамокатқа дейін көбейту жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109