2724

Нұр-Сұлтанда «Brain games» зияткерлік ойындар жобасы басталды

«Астана жастары» КММ елордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында «Brain games» зияткерлік ойындар жобасын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның мақсаты жастар арасында бәсекеге қабілеттілікті, зияткерлікті арттыру, жүйелі және стратегиялық ойлауға үйрету болып саналады.

«Brain games» жобасы аясында бірнеше спорт түрінен, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласының жастары арасында киберспорт, шахмат және тоғызқұмалақтан жыл бойы маусымдық ашық турнирлер өтеді.

Жобаның ашылу салтанаты және жоба аясында тоғызқұмалақ ойынынан қалалық ашық турнир (мамыр-маусым айлары) Жетісу саябағында өтті.

Жобаның ашылу салтанатына «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы Қайрат Қамбаров және Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева, сонымен қатар қолкүрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, күш экстримінен бірнеше дүркін рекорд иесі Темір Спатаев қатысты.

Іс-шара санитарлық нормалар мен талаптарды толықтай сақтай отырып, ашық ауада өткізілді.

Айта кетейік, «Brain games» жобасы жыл соңына дейін жалғасады:

Мамыр-маусым – тоғызқұмалақтан жарыс;
Шілде-тамыз – шахмат бойынша;
Қыркүйек-қазан – киберспорт бойынша.

Ай сайын 1,2,3 орын иелері анықталады. Жобаға тіркелу әлеуметтік желілердегі @astana_jastary парақшасында жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109