2976

Елорда тұрғындары «Өз ағашыңды отырғыз» челленджіне белсене араласып жатыр

Елордада экологиялық айлық аясында «Өз ағашыңды отырғыз» челленджі басталды. Қаланы көгалдандыруға атақты спортшылар, әртістер, жастар, еріктілер өз үлестерін қосты. Бұл бастамаға қала тұрғындары да белсене араласып жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Өз ағашыңды отырғыз» — қала тұрғындарын ағаш отырғызуға қызықтыру үшін бастау алған челлендж. Бұл өзекті мәселе, өйткені ауаның ластану деңгейі күннен-күнге артып келеді.

Елордалықтар экочелленджге белсенді араласып, эстафетаны көршілеріне, туыстарына, достарына жолдап жатыр.

Наталья Лысова, қала тұрғыны: «Бүгін ауламызға ағаш отырғызып жатырмыз. Бізге ағаштар жеткізіп берді, бәрін ауламызға отырғыздық. Енді қаламыздың өзге тұрғындарына челленджді қабыл алуды және көгалдануына үлес қосуды ұсынамыз».

Бүгін Тәуелсіздік даңғылындағы № 24 үйдің тұрғындары да өз аулаларын абаттандырды. Астаналық Қарашаш Қансейітованың айтуынша, көршілері ағаш отырғызу үшін аулаға шықты.

Айта кетейік, елордада «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Әкімдік өз тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың өзге де көрікті жерлерінде жаппай көгалдандыру жүргізіп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109