2313

Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Elbasy.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде Елбасыға елорданың экономикалық дамуы, қаланы газдандыру үдерісі, тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы, сондай-ақ қоғамдық жерлерді абаттандыру туралы ақпарат берілді.

– Қолжетімді баспана салу көлемі жыл санап артып келеді. Биыл 10 мыңға жуық пәтер тапсыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 42 мың оқушыға арналған 16 мектеп салынады, – деді А.Көлгінов.

Сонымен бірге қала әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың «жасыл белдеуін» дамыту жоспары, қала аумағы мен саябақтарды көгалдандыру бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Айта кетейік, 2012-2020 жылдары «жасыл белдеуде» 8127 гектар жерге 3 174 342 дана ағаш көшеті отырғызылды. Оның 59,3 пайызы жапырақты, 40,7 пайызы қылқан жапырақты ағаш. 636,6 гектарға көпжылдық шөп егілді. 2021 жылы «жасыл белдеуге» 900 мыңға тарта көшет отырғызу жоспарланған. Қала ішінде 100 мыңға жуық ағаш, көшет, бұта егіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109