3109

Елордада маса мен шыбын-шіркей санын азайту үшін ашық аумақтарды өңдеу жалғасуда

«Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астаналық дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп шыбын-шіркейлермен күресуді жалғастыруда. Масалар мен шіркейлердің санын азайту мақсатында бірнеше тур арқылы ашық аумақтар өңделуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нормаларға сәйкес препараттарға бейімделу мен мутацияға жол бермес үшін шыбын-шіркеймен күресу жұмыстары айына бір рет, маусымда (сәуір-қыркүйек) турлар бойынша жүргізіледі.

Әрбір кезеңнің 15 күні ішінде масалардың көбеюін болдырмас үшін су айдындары препаратармен қамтылып, түтін арқылы қорғаныс тосқауылы жүргізіледі. Ал басқа жаққа қоныстануын болдырмас үшін дезинсекциялық машиналардан дәрі себіледі.

Сондай-ақ, қаланың ашық аумақтары өңделеді: саябақтар, скверлер, тұрғын үй массивтері және орамішілік аумақтар.
Бүгінгі күні қала аумағының 90%-дан астамы бастапқы өңдеуден өтті.

Бүгінгі күні қала аумағының 80%-ға жуығы өңделді. Жауын-шашыннан кейін ауа-райына байланысты өңдеуді тоқтатуға тура келді. Сонымен қатар, жауыннан кейінгі кезең маса мен шіркейдің тез көбеюіне қолайлы уақыт екенін ұмытпаңыз, себебі ылғалдылық пайда болады.
Ауа райының жылынған сәттен бастап жұмыс ары қарай жалғасты. Адам көп жиналатын орындарда түтін арқылы қосымша өңдеу жүргізіледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарына түсіністік танытуын сұраймыз. Маса мен шыбын-шіркей экожүйенің бір бөлігі болып саналады, сол себепті оларды толығымен жоюға болмайды. Өңдеу жұмысы олардың санын азайту және жаппай көбеюіне жол бермес үшін жүргізіледі. Бұл жұмысқа барлығы 120 дезинфектор, 8 биолог-энтомолог, 24 термогенератор, 120 мотор-ранцты бүріккіш, 4 дезинфекциялық машина, 2 дезинфекциялық қондырғысы бар мотошасси жұмылдырылды. Ауа райы байланысты жұмыс кестесі өзгеріп тұрады», — делінген тиісті басқарманың хабарламасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109