2213

Елорданың аулаларын жайлы етеміз — Алтай Көлгінов

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл 160 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Аулаларымызды жайлы ету үшін ауқымды жұмыстар жүргізіп келеміз. Қала тұрғындары терезеден аулаларының солғын көрінісін емес, керісінше, өзіндік кескін-келбеті қалыптасқан аулаларды көруі қажет.

Аулаларды көпфункционалды етеміз, олар балалар үшін де, аға буын үшін де қызық болмақ. Биылдың өзінде абаттандыру жұмыстары 160 аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) қамтиды. Елорданы "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытып келеміз.

Мәселен, былтыр 76 гектардан астам аумақты салып, абаттандырдық. Бұл - тұрғындардың аулалары, біздің қалалықтар таза ауада уақыт өткізетін қоғамдық кеңістіктер, сонымен қатар аудандарды байланыстыратын қаладағы ең танымал учаскелер. Осылайша қалада серуенге барлық жағдай жасалып келеді.

Қазіргі жұмыстарды ескере отырып, қала тұрғындарының жартысынан астамында жаяу қашықтықта жайлы уақыт өткізуге, спортпен шұғылдануға арналған орындар пайда болады. Бүгін бірқатар аулалардың құрылыс барысымен таныстым. Мысалы, Байқоңыр ауданында: Бейсекбаев көшесі 21, 21/1, Сейфуллин көшесі 69/1, 69/2, Абай даңғылы 101, 101/1, 101/2, Циолковский көшесі, 1; Алматы ауданында: Б.Момышұлы даңғылы, 12 және т. б.

Қаланың барлық аудандары жұмыспен қамтылды. Оның ішінде елді мекендер де бар. Сондай-ақ абаттандыру жұмыстарына "бюджетке қатысу" жобасы көмектеседі. Жоба аясында тұрғындар қандай ауланы көргісі келетінін, бірінші кезекте не қажет екенін айтады.

Аулаларды жобалау кезінде балалардың да, аға буынның да мүддесін ескереміз. Аулаішілік аумақтарда тұрғындардың мүдделерін ескере отырып, футбол/баскетбол алаңдарын, балалар ойын алаңдарын, жаттығу алаңдарын, воркаут-аймақтарды, жайлы күркелерді, иттерді серуендетуге арналған алаңдарды және т. б. орнатамыз.

Жас кезінен бастап балаларды белсенді салауатты өмір салтын ұстануға үйрету маңызды. Осылайша шөлейт жерлерде, қараусыз қалған жерлерде таза ауада уақыт өткізуге арналған жаңа жайлы орындар пайда болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаланы абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлеміз. Тек осы жылдың өзінде 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т. б.), оның ішінде елорданың "жасыл белдеуіне" отырғызамыз», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109