1508

Есіл ауданының тұрғындары «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін қолдады

Нұр-Сұлтан қаласында Есіл ауданының тұрғындары "Бірге — таза Қазақстан" экологиялық айлығы аясында өтіп жатқан "Өз ағашыңды отырғыз" челленджін қолдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Ботаникалық бақта республикалық физика-математика мектебінің оқушылары 25 шырша көшетін отырғызды. Осыдан кейін мектеп оқушыларына Ботаникалық бақ аумағында орналасқан жылыжай ішіне экскурсия жүргізілді.

Айта кетейік, «Өз ағашыңды отырғыз» — қала тұрғындарын ағаш отырғызуға қызықтыру үшін бастау алған челлендж. Бұл өзекті мәселе, өйткені ауаның ластану деңгейі күннен-күнге артып келеді.

Жылына 1 гектар ағаш 100 тоннаға дейін шаң жинайды. Осыны басшылыққа ала отырып, елорда тұрғындары аталмыш челленджді іске қосты. Бүгінге дейін оны қалалық қызмет көрсету ұйымдары — ПИК және МИБ, сондай-ақ өнер жұлдыздары белсенді қолдады.

Еске сала кетейік, елорданың барлық ауданында «Бірге — Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдік саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың көрікті жерлерін де жаппай көгалдандырады. Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, қала тұрғындары серуендейтін орын құруға, сонымен қатар қаланың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында қатысушылардың бәрі санитарлық нормаларды сақтап, бетперделермен және қолғаптармен қамтамасыз етілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109