2245

Қоянды су қоймасында балықтандыру іс-шарасы жүргізілді

​Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "Жаснұр" кәсіпорнымен бірлесіп, Қоянды су қоймасында көктемгі балықтандыру іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл — су қоймасында балық қорын сақтауға, ұстап тұруға және ұлғайтуға, сондай-ақ бағалы балық түрлерін шығаруға бағытталған.

Биыл су қоймасына алғаш рет пелядь, рипус балықтарының әрқайсысының 1 миллион дернәсілі жіберілді.

Балықтандыру үшін Зеренді балық қоймасының инкубациялық цехтарында өсірілген дернәсілдер пайдаланылды. Оларды тасымалдау үшін арнайы пластикалық пакет қолданылды. Әр пакетке 10-12 литр су құйылып, дернәсілдері орналастырылады, ал бос орын оттегімен толтырылады.

​Дернәсілдер жіберілгенде судың температурасы 18С болды. Олар күз мезгіліне дейін ет алып, үлкейеді.

Қазір су қоймасын балықтандыру үшін қолайлы уақыт, суда көптеген қоректік заттар мен балық қорегінің неше түрі бар.

​Балық жіберу ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" РММ, "Солтүстік филиалы" ЖШС және Қоянды ауылдық округі әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109