1637

Нұр-Сұлтанда Taza Alem-2021 жобасы бастау алды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Taza Alem-2021 жобасы экологиялық сенбіліктен басталды. Сенбілік аясында Қорғалжын тас жолы бойына көшеттер егілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

TazaAlem мәдени-бұқаралық жобасы Нұр-Сұлтан әкімдігі мен әкімдіктің «Астана жастары» КММ бастамасымен құрылған.

«Біз биыл TazaAlem жобасы аясында мұқтаж адамдарға, зейнеткерлерге, ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне көмектесуді жоспарлап отырмыз. Қыста аулаларды қардан тазалап, жазда жөндеу жұмыстарына көмектесеміз. Былайша айтқанда, волонтерлікпен айналысамыз. Біз сондай-ақ шетелде кең тараған сенбіліктің ерекше форматы – плоггингті енгіздік. Оны «спорт пен сенбілік» деген сөз тіркесімен сипаттауға болады. Осындай форматтың арқасында әдеттегі қоқыс жинауды командалар жарысына айналдырамыз. Мысалы, қоқысты кім көп және жылдам жинайды деп сайысуға болады», – деді «Астана Жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Оның айтуынша, жаңа форматтағы сенбіліктерге елордалық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, оқушыларды, студенттер мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын тарту жоспарланып отыр. Сенбілік өткізілетін аумақ ағаш санына байланысты таңдалады. Егер олар аз болса, аудан әкімдігімен келісе отырып, аумаққа ағаш егіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 1000-нан астам көшет отырғызу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, елорданың барлық ауданында «Бірге — Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдік саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың көрікті жерлерін де жаппай көгалдандырады. Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, қала тұрғындары серуендейтін орын құруға, сонымен қатар қаланың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109