2307

Жаяу жүргіншілер көпірі мен бульвар: Нұр-Сұлтанда қандай қоғамдық кеңістіктер пайда болмақ?

Елорда «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамып келеді. Биыл жалпы алғанда 160 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Қала тұрғындарының өтініштері мен қоғамдық кеңістіктердің (скверлер, саябақтар, бульварлар) қажет екендігін ескере отырып, биыл оларды кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп келеміз.

Мәселен, Б.Момышұлы даңғылы бойымен жағалауға дейін жаяу жүргіншілер желекжолын абаттандырамыз. Толқын тәрізді аллея аумағында үстел теннисі мен шахматқа арналған үстелдер, демалуға және әткеншек тебуге арналған көлеңкелі аймақтар орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл Триатлон паркін жаңа бөртегүл бағымен біріктіре отырып, эко-маршрут құруға мүмкіндік береді. Онда мыңнан астам бөртегүл көшетін отырғызамыз. Бөртегүл бақшасы болады.

Былтыр Триатлон саябағын ауқымды абаттандыруды бастадық. Өткен жылы қалада алғаш рет көпір алаңдары абаттандырылды. Сарайшық көшесіндегі көпірдің астында спортпен айналысуға арналған бірнеше аймақ ашылды, саябақ аумағында футбол алаңдары орнатылды. Бұл көпір - Триатлон мен Президент саябағы арасындағы көпір, ол биыл өз жалғасын табады.

Мысалы, Тұңғыш Президент саябағында көлеңкелі бастырмалар, әткеншектер, үш субұрқақ, оның ішінде тұманды булану, орындықтар және т. б. орнатылды. Алдағы уақытта өзен арқылы вело-жаяу жүргінші көпірін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл көпір екі саябақты – Тұңғыш Президент саябағы мен Есіл өзенінің бойындағы саябақты бірыңғай кластермен біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша қала тұрғындары аудандар арасында кедергісіз жүре алады. Көпірдің бойында демалыс аймақтарын жабдықтаймыз, ал көпірдің ішіне әткеншек орнатамыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, скверлер, бульварлар, бақтар) абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше назар аударамыз, өйткені бұл - қала дамуының ажырамас бөлігі.

Биылғы көгалдандыру жұмыстарының ерекшелігі аулалық аумақтардан, саябақтардан, скверлерден, бульварлардан, елді мекендерден басқа, көрікті жерлеріміздің іргелес аумақтарын көгалдандыруға кіріскенімізде. Бұл "бетон орындар" санын азайтады. Мысалы, "Астана Опера" аумағында емен бағы, Триатлон саябағында бөртегүл бағы, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры мен "Астана Балет" аумағында жасыл бақ пайда болмақ.

Қазір барлық жерде ағаш отырғызылуда. Өзім де қаланы көгалдандыруға қатысамын. Қаланың барлық аудандарын, соның ішінде елді мекендерді көгалдандырамыз. Ағаш отырғызуға қала тұрғындары, еріктілер, кәсіпкерлер де қатысатыны бізді қатты қуантады. Осы жылы 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т. б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде қаланың жасыл түске айналғанын, жаңа экоаймақтар мен "жасыл аралдар" пайда болғанын көруге болады.

Егер жылдан-жылға сапалы ағаш отырғызып, көрсеткішті төмендетпесек, елордамыз санаулы жылдар ішінде жасыл қалаға айналмақ. Бір кездері тек даладан тұрған қала бақша қаласы болады. Бұл біздің мақсатымыз және оған бірге жетеміз.

Елорданы "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытудамыз. Осы жылы жалпы алғанда 160 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109