2278

Елордада Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қалай жұмыс істейді?

Елордадағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру мекемелері басшыларының, педагогтарының «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларын және педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау мәселелерін қарайды. Бұдан басқа, Кеңес оларды тәртіп бұзудың алдын алу мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді. Нұр-Сұлтан қаласының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуова онлайн брифингте Кеңес жұмысы туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы оқу жылының басынан бастап барлық мектепке дейінгі, орта білім беру, ТжКБ ұйымдарында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер құрылды. Олар өз жұмысының нәтижесінде тиісті шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар береді.

«Педагог үні» ашық диалог форматында Ұйымдық Кеңес төрағалары, жаңадан келген мұғалімдер, жас мамандармен педагогтік әдеп ережелерін сақтау туралы офлайн/онлайн кездесулер өткізілді. Кездесулерде әрбір Ұйымдық Кеңестің төрағасы өзінің ұжымымен өткізген жұмыстарын, түскен шағымдары мен оны шешу барысындағы қиындықтарын ашық ортаға салады», - дейді спикер.

Оның айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» заңды бұзу фактілері әлі де бар. Осылайша, өтініштердің көпшілігінде педагог құқықтарының қорғалмауы, этика нормаларының сақталмауы, екі педагог арасындағы өзара келісімге келуі жиі кездеседі.

«Қалалық Кеңеске педагогтан жазбаша өтініш түскен жағдайда сол ұйымға барып кезектен тыс отырыс өткізіледі. Заңдылық, объективтілік, әділдік қағидатын басшылыққа алып, шағымда көтерілген түйткілді мәселе Ұйымдық Кеңес мүшелерімен бірлесе отырып талқыланып, бір жақты емес жан-жақты қаралады. Қалалық Кеңестің кезектен тыс отырысында қаралған мәселе педагогке қатысты болса сол білім беру ұйымына, басшыға қатысты болса Білім басқармасына хаттамамен ұсыныс жасалады. Нәтижесінде, 2021 жылдың 4 айының өзінде Басқарма шешімімен 1 балабақша, 3 мектеп басшысына тәртіптік шара қолданылса, 3 өтініште көрсетілген фактілер дәледенбеді», - дейді ол.

Сонымен қатар, ұйымдық Кеңес төрағаларының, жас мектеп басшылары мен педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру үшін Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормалары бойынша жүйелі түрде «құқықтық оқыту» семинарын өткізіліп отырады.

Департамент сайтында ашылған қалалық «Әдеп жөніндегі кеңес» бөлімі мен «Білімді ел – Образованная страна» газетінің сайтында, әлеуметтік желіде ашылған чаттарға ақпараттық-түсіндірме, презентациялық материалдар жүйелі түрде салынып отырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109