1940

Әдеп жөніндегі қалалық кеңес педагогтер мен ата-аналар арасында сенімге ие бола бастады – Бимендина

Елордада «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларының іске асырылуы» тақырыбында онлайн брифинг өтті. Баспасөз жиынында «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғам Холдингі президентінің кеңесшісі Асима Бимендина қалалық кеңес мүшелері қаңтардан бастап жоспарға сай Ұйымдық Кеңес төрағаларының жұмысын тыңдағанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қалалық кеңес мүшелері қаңтардан бастап жоспарға сай Ұйымдық Кеңес төрағаларының жұмысын тыңдады. Ережеге сай Қалалық/Ұйымдық Кеңестер бір оқу жылында төрт рет жоспарлы отырысын өткізеді, шағым түсуіне байланысты кезектен тыс отырыстарын шұғыл түрде ұйымдастырады. Қаладағы мемлекеттік балабақша, мектеп, колледждерде Ұйымдық Кеңестер құрылып, жұмыстарын жүргізуде. Жыл бойы қалалық Кеңес мүшелері, яғни біз, Ұйымдық Кеңестердің құрамын, жоспарын құруға мониторинг жүргізіп, әдістемелік көмектер көрсетеміз», - деді Әсима Бимендина.

Ол өз сөзінде Ұйымдық Кеңестің кейбірінің жұмысына тоқталып өтті. Сөз арасында мектеп оқушысына қысым көрсеткеніне байланысты №27 мектеп-лицейінің сынып жетекшісіне, сондай-ақ №62 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғаліміне ескерту берілгенін айтып өтті.

«Министрдің бастамасымен пилоттық жобада құрылған Әдеп жөніндегі Қалалық/Ұйымдық Кеңестер педагогтер мен ата-аналар арасында сенімге, «тыңдалу» мүмкіндігіне ие бола бастады. Олар Қалалық Кеңеске білім беру ұйымдарында қозғауы қиын мәселелерді тікелей айта да, жаза да алады. Ең бастысы, оларға жүйелі түрде әдістемелік/консультациялық көмек, қолдау көрсетіліп отырады. Әрине, барлық жекеменшік балабақша, мектептерде Ұйымдық Кеңестің жұмысы дұрыс жолға қойылған деп айта алмаймын. Олардың ішінде құрамы да, жоспары да сапасыз әзірленген немесе тек қағаз жүзінде құрылып, ол Ұйымдық Кеңес туралы мұғалімдері білмейтіндері де жетерлік. Осыған орай, келешекте де Қалалық Кеңесте барлық мемлекеті/жекеменшік Ұйымдық Кеңестердің жұмыстары ортаға салынып, әдістемелік көмек көрсетіледі», - деді ол.

Сөз соңында ұжымның адамгершілік-психологиялық ахуалын жақсарту, педагогтік әдепті бұзуға қатысты түсініспеушілік жайларды реттеу үшін сол Ұйымдық Кеңеспен бірлесіп, педагогтік әдепті бұзудың алдын алу жұмыстары, педагог құқығын қорғау шаралары жоспарға сай жалғасатынын айтып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109