1907

Нұр-Сұлтанда тротуарлар, жол жиегі, жарықтандыру тіректері жөнделуде

Нұр-Сұлтанда қалалық инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде: сынған плиткалар, тротуарлар, жарықтандыру тіректері, әткеншектер және т.б. жөнделуде.

Климаттық жағдайларға байланысты елордада жылыту маусымы шамамен 7 айға созылады, нәтижесінде абаттандыру және жол жұмыстарын жүргізу маусымы қысқарады.

Дегенмен, қолайлы жағдайлар туындағаннан кейін елорда әкімдігі қалалық инфрақұрылым ақауларын жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Осылайша, елордада 3000 шаршы метр төселген көше тастары қалпына келтірілді, 400-ге жуық қоқыс жәшігі ретке келтірілді (бояу, жөндеу, ауыстыру), 300-ге жуық орындық боялды және жөнделді. Күн сайын саябақтарды, скверлер мен бульварларды жаяу аралау жүргізіледі.

Тазалық пен тәртіпті қолдау үшін қалада санитарлық тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі: көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, қураған бұтақтарды кесу және т.б. жұмыстар жүргізілуде.

Биыл қалада 120 аула және 40 қоғамдық кеңістік жөнделіп, абаттандырылады. Жұмыстар қараусыз қалған орындарды, бос жерлерді және иесіз тұстарды қамтиды.

Сонымен қатар, қалада экологиялық мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қала сыртына құрылыс қоқыстарын шығаратын кәсіпорындар мен қала тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жыл басынан бері 72 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. 30 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Тазалық мәдениетін қалыптастыру және құрылыс қоқыстарын тек арнайы полигондарға шығару маңызды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109