5278

Елордада демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер қараша айына дейін жалғасады

Биыл көктемгі ауыл шаруашылық жәрмеңкесінің ең алғашқысы Сарыарқа ауданында өтті. Мұнда жұртшылық азық-түлік өнімдерін нарық құнынан төмен бағамен сатып ала алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен демалыс күндері Сарыарқа ауданы Қосшығұлұлы, 14 мекенжайында дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды. Ол әр сенбі және жексенбі сайын қараша айына дейін өтеді.

Айтуған Күзербаев, жәрмеңке ұйымдастырушысы:

«Осы демалыс күндері Сарыарқа ауданында кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды. Мұнда тауар өндірушілер өз өнімдерін алыпсатар делдалдарсыз сата алады. Сол себепті азық-түлік бағасы арзан күйде саудаланады. Қала тұрғындарына қажетті азық-түлік өнімдерінің бәрі ұсынылған: ет, сүт өнімдері, көкөніс, май, жарма, бал секілді түрлі өнімдер бар».

Жәрмеңкеге Ақмола, ШҚО, Жамбыл облыстарының Целиноград ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілері және Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері қатысуда. Өнімдердің бәрінде қажетті сапа сертификаты бар.

Бұл қала аумағындағы екінші жәрмеңке. Ал біріншісі 17 сәуір күні Есіл ауданы, Сауран, 7 мекенжайында ашылған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109