2040

Елордада әлеуметтік әріптестік туралы қалалық келісімге қол қойылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Кәсіподақтар орталығы және жұмыс берушілер өкілдері арасында 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы қалалық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Құжатқа әкім орынбасары Нұрлан Солтамбеков, Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов және Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) Ұлттық Конфедерациясының өкілі Нелли Твердовская қол қойды.

Қалалық келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің басты ережелеріне негізделген.

Келісім шеңберінде әлеуметтік әріптестер әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Тараптар жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, еңбек құқықтарын толыққанды іске асыру үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, оларды шешудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру, сондай-ақ қала ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу тәжірибесін дамыту саласында күш-жігерді біріктіруге ниет білдіреді.

Сонымен қатар, қалалық келісімге алғаш рет қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құру; өндірістік кеңестің мүшелері, оның ішінде ұйымдарда еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқытуды ұйымдастыру енгізілді.

Келісімнің жаңа ережелерінің ішінде әлеуметтік әріптестер ұжымдық шарттарға немесе жұмыс берушілердің актілеріне инфляцияны ескере отырып, қызметкерлердің жалақысын жыл сайынғы индекстеу нормаларын қосу бойынша бірлескен қадамдар жасауды атап өтті.

ГОСТ 12.0.230-2007 мемлекетаралық стандартын ескере отырып, ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді көздейтін нормалар да әлеуметтік әріптестік тұрғысынан маңызды жаңалық болып саналады.

Келісімге қол қою қорытындысы бойынша тараптар оны іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109