2165

Елордалық ТЖД судағы жазатайым оқиғалардың себебін айтып берді

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров онлайн-брифингте құтқарушылардың шомылу маусымына дайындығы, жазатайым оқиғалардың себебі туралы айтып, қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Статистикаға сәйкес, суда қаза болудың 80%-ы жұрттың мас күйінде, сондай-ақ жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылуына байланысты болады.

Елордада өткізілген тексеру комиссиясының қорытындысы бойынша халықтың шомылатын 23 орны анықталды, оның ішінде үшеуі рұқсат етілген: Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары. Ал 20 орынға тыйым салынған.

«2020 жылдың шомылу кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында 5 адам қаза тапты. Соңғы 3 жылда өлім статистикасы 31 адамды құрайды, оның ішінде 10 бала бар. Осы кезеңде құтқарушылар қаланың су айдындарында 41 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарды. Жүргізілген талдау жұмыстары қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамауынан болғанын көрсетті», - дейді Есен Байыров.

Оның айтуынша мамыр айынан бастап қала аумағында елорда әкімдігімен бірлесіп тыйым салу белгілері мен ақпараттық стендтер (60 белгі, 6 стенд) орнатылды. Демалыс аймақтары мен қалалық жағажайлардың иелеріне ақпараттық хаттарды тапсыру жүргізілуде. Есіл өзенінде барлығы 90 тыйым салатын белгі, 30 ақпараттық стенд, 20 қалқымалы буйка орнатылатын болады.

Сондай-ақ ТЖД қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Спикер сондай-ақ судағы сақтық ережелері туралы еске салды:

«Суға түскен кезде буйкадан асып жүзбеңіз, мас күйде суға түспеңіз. Есіңізде болсын, судағы жазатайым оқиғалардың 80 %-ы осы себепті болады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, су қоймаларының жанында және таныс емес жерлерде шомылмаңыз. Жүзуге арналмаған заттарды пайдалануға болмайды (автомобиль камералары, пенопласт, пластикалық бөтелкелер және т.б.). Бейтаныс орындарда жалғыз шомылуға болмайды», - дейді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109