2291

Нұр-Сұлтанда жүзуден ашық чемпионат басталды

Бүгін «Барыс Арена» спорт кешенінде жүзуден жасөспірімдер арасында Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиевтің айтуынша, жарысқа еліміздің 13 өңірінен 240-қа жуық спортшы қатысып отыр.

«2005 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар бақ сынап жатыр. Сайыс 4 күнге созылады. Жалпы, жүзудің 8 түрі бар. Олар: 100 метр мен 50 метрге жүзу, шалқасынан жүзу, брасс, баттерфляй, эстафета, кроль және тағы басқа, соның бәрі осында қамтылып отыр. Спортшыларымыз екі жылға жуық карантинде отырып, ешқандай жарыс көрген жоқ. Сондықтан бұл чемпионатымыз балаларға өзінің бір септігін тигізеді, алдағы басқа сайыстарға да жігер береді деп ойлаймыз. Және де, өздеріңіз білесіздер, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Жасөспірімдер мен балаларға және бұқаралық спортқа аса мән беруіміз қажет» деп айтқан болатын. Осыған байланысты қала әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің тапсырмасымен осындай чемпионат өткізуді қолға алып отырмыз. Алдағы уақытта басқа спорт түрлерінен де осындай іс-шаралар өткіземіз», – деді Самат Ерғалиев.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль және дипломдармен марапатталады. Жеңіске жетуге келген жастардың бірі – елорда тұрғыны Мәди Әшімбаев.

«Мен 14 жастамын. Жүзумен айналысқаныма 8 жыл болды. Жүзумен балабақшадағы кезден бастап айналыстым. Күніне бір рет үш сағаттан жаттығу жасаймын. Өзіме ұнайды. Жүзу денсаулыққа пайдалы, бұлшықеттің бәрі қимылдайды. Мен шамамен 10-15 жарысқа: қалалық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатыстым, 50 медалім бар. Осы жолы карантин кедергі жасап, көптеген жарыс өтпей қалды. Мен Қазақстан чемпионы болғым келеді. Ал осы чемпионатқа келсек, мен қатысатын жүзудің негізгі түрі – баттерфляй. Әзірге нешінші орын алғаным белгісіз, бірақ өз нәтижемді жақсарттым. Қарсыластарым өте мықты, сондықтан босаңсымау керек», – деді Мәди Әшімбаев.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Mtex management ЖШС ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109