2657

Нұр-Сұлтанда креативті индустрияларды дамыту жөніндегі кеңес құрылды

Елордада кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның креативті кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, креативті индустрияларды дамыту орталығы, АХҚО, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен креативті индустрияларды дамыту жөніндегі кеңес құрылды.

Кеңес қаланың креативті кәсіпкерлігін және креативті әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізумен, креативті экономиканы дамытудағы кедергілерді анықтаумен және оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізумен, Нұр-Сұлтан қаласында креативті экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын жасау мәселесін пысықтаумен айналысатын болады.

Креативті кластерлердің бірі ретінде Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы жанынан креативті индустрияларды дамыту жөніндегі орталық құрылды, ол мыналарға септігін тигізеді:

- елорданың креативті кластерін жаппай өсіруге;
- креативті индустрия саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға;
- жоғары сапалы шығармашылық өнімді қалыптастыруға.

Нұр-Сұлтан қаласының әрбір тұрғыны орталықтың алқалы органында мақұлданған жағдайда өз жобасын ұсынуға, білікті кеңес алуға және іске асыруға дейін мүмкіндігі болады. (Байланыс орнату үшін — Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, 55-69-06)

Бұған дейін Мемлекет басшысы әлемдік экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі – креативті индустрия құруда талантты жастардың рөліне назар аударуды тапсырған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109