2126

Елордада «Сенімді дос» акциясы басталды

Үй жануарларына қатысты қоғамда болып жатқан жағдайларға байланысты үй жануарларын және иесі жоқ жануарларды қорғау мақсатында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен «Сенімді дос» акциясын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акция барысында жассарбаздықтар Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Я живой» орталығына барды. Іс-шара барысында «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері жануарлармен серуендеп, оларды тамақтандырып, жатын орнын тазалап берді.

«Соңғы уақытта елімізде үй жануарларына қатысты проблема кеңінен көтеріліп жүр. Ит-мысықтарды азаптап өлтіру деректері де жиі кездеседі. Қараусыз қалған жануарлардың адамдарға зиян келтірмейтініне де кепілдік жоқ. Осыған байланысты үй жануарларын және иесі жоқ жануарларды қорғау мақсатында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Я живой» орталығына барып, «Сенімді дос» акциясын бастадық. Бүгінгі келіп отырған орталығымыз біздің акциямыз аясындағы алғашқы орталық. Бұл орталықта 73 ит пен 180 мысық өмір сүреді екен. «Я живой» орталығы толықтай дерлік демеушілердің қолдауымен ғана жұмысын атқарып отыр және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тарапынанда көмек көрсетілуде. Біз соңғы кездерде қоғамда үй жануарларына көрсетіліп жатқан зорлық-зомбылыққа қарсы екенімізді айтқым келеді. Үй жануарларына арналған соңғы заңнаманы қолдаймыз. Біздің акциямызды Нұр-Сұлтан қаласының ұйымдары да қолдайды деген сенімдемін», - деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109